KAZPATENT коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеу жөніндегі патенттік өтінімдерді қарастыруда
KAZPATENT коронавирусты алдын алуға арналған вакцинаны және коронавирустық инфекция штаммын әзірлеу жөніндегі екі патенттік өтінім берді, деп хабарлайды Taunews.kz.
«Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ғалымдары патент алу үшін екі өтінім берді:
1. 2020 жылғы мамыр айында - «COVID-19 алдын алу үшін әсерсіздендіретін вакцинаны алу тәсілі»;
2. 2020 жылғы тамыз айында - «COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакциналардың ерекше профилактикалық құралдарын әзірлеу, лабораториялық диагностикалау және биологиялық қорғанысының тиімділігін бағалау үшін қолданылатын COVID-19 коронавирустық инфекциясы вирусының «SARS-CoV-2/KZ_Almaty/04.2020» штаммы»
- Қазіргі кезде өтінімдер мәні бойынша сараптама кезеңінен өтуде. Сараптаманың нәтижесі оң болған жағдайда өнертабыс патенттеледі» - деп хабарлады KAZPATENT директоры Ермек Қуантыров.
Авторизация
Регистрация
Комментариев пока нет