присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстандықтар Андорраға визасыз бара алады

26 қыркүйек 2022 15:27
Қазақстандықтар Андорраға визасыз бара алады

Қазақстан мен Андорра өз азаматтары үшін визасыз режим орнатуды жоспарлап отыр.

ҚР Сыртқы істер министрлігі "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Андорра Княздігінің үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімді бекіту туралы" үкімет қаулысының жобасын дайындады.

Келісімде тараптардың бірінің мемлекетінің азаматтары, жарамды жол жүру құжаттары бар азаматтар екінші тарап мемлекетінің аумағында бір немесе бірнеше рет келуге, шығуға, транзитке, уақытша тұруға визалық талаптардан босатылады (90 күнтізбелік күннен аспайды).

Қазақстан азаматтары үшін 90 күн мерзім Шенген аймағына алғаш кірген күннен басталады.

Қазақстан Республикасының жарамды жол жүру құжаттары:

дипломатиялық паспорт;

ресми төлқұжат;

Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қайтару сертификаты.

Андорра Князьдігі үшін жарамды жол жүру құжаттары:

дипломатиялық паспорт;

қызметтік төлқұжат;

уақытша жол жүру құжаты.

Сыртқы істер министрлігі осы қаулыны қабылдау визалық талаптардан өзара босатуды белгілейтінін және Қазақстан Республикасы мен Андорра Княздігі арасындағы тығыз ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтеді.

Құжат 10 қазанға дейін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру