присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстан президенті әкімшілігінің жаңа басшысы тағайындалды

01 ақпан 2022 12:16
Қазақстан президенті әкімшілігінің жаңа басшысы тағайындалды

Мұрат Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. 

Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Нұртілеу  Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.

Бұған дейін президент әкімшілігін Ерлан Қошанов басқарған болатын.

Мұрат Нұртілеудің өмірбаяны 

Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу 1976 жылы 11 наурызда Алматыда туған.

1998 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің халықаралық қатынастар факультетін бітірді.

1998-1999 жылдары – ҚР СІМ мемлекеттік хаттама қызметінің атташесі, референт.
1999-2003 жылдары – Қазақстанның Малайзиядағы елшілігінің атташесі.
2003-2004 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.
2004-2006 жылдары – ҚР сыртқы істер министрінің кеңесшісі.
2007 жылы парламент сенаты аппарат басшысының орынбасары болды.
2007-2011 жылдары – сенат аппаратының басшысы.
2011 жылы – ҚР СІМ Азия және Африка департаменті директоры, Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 2
2011-2014 жылдары – Женевадағы ҚРҮҚ кеңесші-елшісі.
2014-2016 жылдары – ҚР президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2016 жылдың наурызы – 2019 жылдың наурызы – Қазақстанның Финляндия, Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі.
2019 жылдың наурызынан – Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі.
2022 жылы 5 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру