присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері ауысады – БАҚ

09 наурыз 2022 10:11
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері ауысады – БАҚ

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкерлігіне Андрей Карпович келеді, деп хабарлайды Meta-ratings порталы.

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Андрей Карповичті жуық арада ресми түрде таныстырады.

41 жастағы маман қазір «Қызыл-Жар» командасының бас бапкері қызметін атқарып жүр.

Андрей Карпович Қазақстан құрамасын Ұлттар лигасында Молдова ұжымына қарсы іріктеу ойындарына дайындайды. Бұл ойындар 24 және 29 наурыз күндері өтеді.

Осы ойындардан кейін Андрей Кароповичтің құрама бапкері қызметінде қаншалықты ұзақ қалатыны белгілі болады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру