присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қытай қазағы маусым айында UFC-де өнер көрсетеді

26 сәуір 2022 11:46
Қытай қазағы маусым айында UFC-де өнер көрсетеді

11 маусымда Сингапурдегі FC 275-те Мақсат Қайсар (ММА-да - 6-1, қытайша есімі - Махешат Хайсар), америкалық Стив Гарсияға қарсы жекпе-жекке (ММА-да 12-4, UFC-де 1-1) шығады.

Айта кетері, ол өнер көрсететін жеңіл салмақта Дамир Исмағұлов та бақ сынайды. 23 жастағы Қайсар былтыр қыркүйек айында "Дана Уайттың үміткерлер шоуында" (DWCS) жеңіске жеткеннен кейін келісімшартқа қол қойды. Ал сол жекпе-жекте ол аутсайдер болып саналды. АҚШ-та 5-тен жоғары коэффициент берілді.
Қайсар - DWCS шоуының Қытайдан келген алғашқы жеңімпазы. Дана Уайт жаңадан шыққан есімге тәнті болып: "Ол жас, оған жұмыс істеу керек, бірақ оның болашағы зор. Ол - ерекше", - деді.
DWCS жекпе-жегінен кейінгі сұхбатты Қайсар қазақ тілінде аяқтады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру