присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды

01 қазан 2021 10:33
Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы белгілі болды, - Vesti.kz.
 
BoxingScene.com сайты мәліметінше, Әлімханұлы орта дивизионда WBA және WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы 37 жастағы Хасан Н'Дама Н'Джикамға қарсы шығады.
 
Бұған дейін Әлімханұлының кездесуі 5 қарашада Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтетіні хабарланған болатын. Әлімханұлы WBO бойынша әлем чемпионы Микаэла Майер мен IBF белбеуінің иегері Майва Хамадуш кездесетін Top Rank бокс кешіне қатысады деп жоспарланған.
 
Еске салайық, Әлімханұлының кейінгі жекпе-жегі маусымда Лас-Вегаста өтті, ол АҚШ-тың бұрынғы чемпионы Роб Брантты жеңді.
0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру