присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Фируза Шарипованың кезекті жекпе-жегінің күні белгілі болды

31 тамыз 2020 16:45
Фируза Шарипованың кезекті жекпе-жегінің күні белгілі болды

Қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Фируза Шарипова келесі жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Taunews.kz.

Жекпе-жек 24 қазан күні Қазан қаласында, Ratel Pro Fight промоутерлік компаниясының турнирінде өтеді. Бұл туралы Фируза Шарипова өзінің Instagram парақшасында хабарлады. 

Жақында қарсыластың есімі белгілі болады.

Еске салайық, 22 тамызда Фируза Шарипова бірінші орта салмақта IBA әлем чемпионы атағын жеңіп алып, танзаниялық Хэппи Даудиді мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Бірақ, чемпиондық атақты жеңіп алғаннан кейін қазақстандық боксшы  BoxRec рейтингінде 19-шы орыннан  27-ші орынға түсіп кетті.  

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру