присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

"Камп Ноу" стадионына Месси есімі берілуі мүмкін

27 қараша 2020 11:21

"Барселона" ФК президенттігіне үміткер Эмили Руссо клубтың үй стадионы - "Камп Ноу" атауын өзгертуді жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы goal.com жазған. Оның пікірінше, аренаны аргентиналық футболшы Лионель Мессидің құрметіне атау керек, - деп хабарлайды Taunews.kz, Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Руссо каталан клубын басқаруға келген жағдайда стадион атын "Камп Ноу Лео Месси" деп өзгерту үшін референдум өткізетінін атап өтті.

 

Шабуылшы "Барселонада" 2000 жылдан бері өнер көрсетеді, ол жастар командасынан бастаған. Каталондықтардың құрамында ол Испанияның он дүркін чемпионы және Чемпиондар лигасының төрт дүркін жеңімпазы атанған. Алайда соңғы уақытта Мессидің клубтан кетуге ойы бар екені туралы ақпараттар тарап жүр. 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру