присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Шымкентте дәрігер жүрегі тоқтап қалған нәрестені аман алып қалды

17 наурыз 2023 11:48
Шымкентте дәрігер жүрегі тоқтап қалған нәрестені аман алып қалды

Шымкент қаласында №2 аурухананың дәрігері Асхат Жақыбаев aсфиксия салдарынан жүрегі тоқтап, клиникалық өлім жағдайында болған сәбиді аман алып қалды.

Нәрестенің анасының айтуынша, №2 ауруханада сәби еміп жатқанда сүтке шашалып, демала алмай қалған. Соның салдарынан жүрек соғысы нашарлап, нәрестеде клиникалық өлім жағдайы тіркелген.

Осы кезде жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәігер Асхат Қойшыбекұлы көмекке келіп, тез арада ауыз қуысын санациялаудан бастап, нәрестенің жүрегіне саусақтарымен массаж жасап, өкпесін интубациялық түтікше арқылы жасанды тыныс алу апаратына қосқан. Осылайша, ол 5-6 минутта сәбидің жүрек және тыныс алу мүшелерінің жұмысын қалпына келтіріп, оған қайта өмір сыйлаған.

Жүрегі тоқтаған сәбиге сәтті реанимациялық көмек көрсеткен Асхат Қойшыбекұлы 18 жылдан бері денсаулық сақтау саласында жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігер ретінде қызмет етіп келеді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру