присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Әлем көшбасшылары II Елизаветаны жерлеу рәсіміне Лондонға барды

19 қыркүйек 2022 09:47
Әлем көшбасшылары II Елизаветаны жерлеу рәсіміне Лондонға барды

Әлем көшбасшылары патшайым II Елизаветаны жерлеу рәсіміне Лондонға келді деп хабарлайды Euronews телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, АҚШ президенті Джо Байден мен Канада премьер-министрі Джастин Трюдо Ұлыбритания астанасына келген. Жерлеу рәсіміне орай Лондонға 500-ге жуық мемлекет басшысы мен шетелдік мәртебелі мейман келеді деп күтіліп отыр.

Жерлеу рәсіміне Сирия, Ауғанстан, Мьянма, Беларусь және Венесуэла, Ресей елдерінің өкілдері қатыспайды.

II Елизаветамен қоштасу рәсімі дүйсенбі, 19 қыркүйекте кешке аяқталады. 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру