Гватемалада жолаушылар автобусы көпірден құлап, салдарынан кем дегенде 55 адам қаза тапты.
Апат кезінде лық толған автобус ішінде 70-тен астам адам болған. Автобус Сан-Агустин-Акасагуастлан қаласынан ел астанасына бара жатқан. Өрт сөндіру бөлімі автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, бірнеше көлікке барып соқтығысқан.
Оқиға орнында 53 адам қайтыс болды, тағы екеуі ауруханада көз жұмған.
Гватемала президенті Бернардо Аревало үш күндік аза тұту туралы жариялады.