17 Қазан 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 452.12 ₸
    EUR EUR 508.95 ₸
    RUB RUB 5.41 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Балалар хирургиясының негізін қалаушы Камал Ормантаев өмірден өтті

    12 Ақпан, 2025
    Балалар хирургиясының негізін қалаушы Камал Ормантаев өмірден өтті

    Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін қалаушы, педиатр-дәрігер, академик Камал Ормантаев дүниеден озды. Бұл туралы Асфендияров атындағы ҚазҰМУ баспасөз қызметі мәлімдеді.

    Академиктің өмірден өткені туралы ақпаратты оның ұлы Жарас Ормантаев та растады.

    Бүгін түнде ардақты әкем, қазақстандық балалар хирургиясының негізін қалаушысы – Академик Камал Ормантаев өмірден озды, – деп жазды Жарас Ормантаев өзінің Facebook-тегі парақшасында.

    Камал Саруарұлы 1936 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1953 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетіне түсіп, медицина саласындағы жолын бастады. 1968 жылы осы институттың балалар хирургиясы кафедрасын басқарды, бұл қазақстандық балалар хирургиясының ғылыми мектебінің қалыптасуына негіз қалады.

    Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін қалаушы, педиатр-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының академигі және вице-президенті, 1999 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

    Өзінің айрықша еңбек жолында ол 20 000-ға жуық күрделі операция жасап, мыңдаған баланың өмірін сақтап қалды. Оның еңбегінің арқасында 1 500-ден астам дәрігер дайындалып, олардың көпшілігі Қазақстанда ғана емес, шетелде де жетекші маман атанды.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Автобус көпірден құлап, 50-ден астам адам қаза тапты

    Келесі жазба

    Жамбыл облысында полиция қызметкері қаза тапты

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    БҚО-да мотоцикл жүргізушісі апаттан кейін ауруханада көз жұмды

    Астанада автобус қағып кеткен әйел көз жұмды: жүргізуші телефонға алаңдаған

    Заң мен тәртіп: Алматыда жастардың құқықтық сауаттылығы талқыланды

    Астанада Таиландтан есірткі тасымалдаған қыз 16 жылға сотталды

    «Dauletten» қайырымдылық қоры студенттерге 20 млн теңге көлемінде білім гранттарын бөледі

    NAVAI ісі бойынша ҚР СІМ ресми мәлімдеме жасады

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 452.12 ₸
    EUR EUR 508.95 ₸
    RUB RUB 5.41 ₸

    © 2025 TauNews