Астанада телефонға алаңдаған автобус жүргізушісі әйелді қағып өлтірді
Астанада автобус жүргізушісі телефонға үңіліп отырып, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Ауыр жарақат алған жәбірленуші ауруханада көз жұмды.
Прокуратураның мәліметінше, сот барысында жүргізушінің кінәсі толық дәлелденген. Сот оған 2 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар ол 5 жыл бойы көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Ведомство хабарлауынша, сот үкімі заңды күшіне енген.
Қайғылы оқиға 2024 жылдың тамызында Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында болған.
USD