16 Қазан 2026, Жұма
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 454.14 ₸
    EUR EUR 509.23 ₸
    RUB RUB 5.41 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Заң мен тәртіп: Алматыда жастардың құқықтық сауаттылығы талқыланды

    16 Қазан, 2026
    Заң мен тәртіп: Алматыда жастардың құқықтық сауаттылығы талқыланды

    Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде “Заң мен тәртіп” жобасы аясында “Құқығың өз қолыңда” тақырыбында жылдық қорытынды конференция өтті. Іс-шарада жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

    Конференцияның негізгі мақсаты – жоба аясында атқарылған жұмыстарды қорытындылау, құқықтық ағарту бағытындағы бастамаларды талқылау және жастардың құқықтық санасын дамытуға арналған ұсыныстарды қарастыру.

    Іс-шараға мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының, жоғары оқу орындарының, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, заңгерлер, қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдарының мүшелері мен студенттер қатысты. Конференцияға 10 жоғары оқу орнының студенттік командалары да қатысты.

    Конференцияның модераторы – Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы қоғамдық даму орталығының басшысы Айдар Есенбеков.

    Жиында Алматы қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Дәурен Көбеев спикерлер қатарында болды. Полиция өкілі жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттырудың және құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызына ерекше назар аударды. “Заң мен тәртіп” қағидаты – аясында жас ұрпақтың заң талаптарын білуі, құқықтық жауапкершілігін түсінуі және құқық бұзушылыққа жол бермеуі өзекті бағыттардың бірі.

    Сондай-ақ спикерлер қатарында Тұран университетінің Жоғары құқық мектебінің директоры Қарлыгаш Жұмабаева, қоғам қайраткері, Алматы қаласы мәслихатының VII–VIII шақырылымдарының депутаты Серік Есматов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң ғылымдарының докторы, профессор Гүлдана Қуаналиева, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Әкежан Кеңесов, ҚазҰУ оқытушысы Қанат Әлихан және “Almaty Hub” директоры Бексұлтан Нұрақып та болды.

    Конференция барысында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жастардың заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алудағы білім беру ұйымдары мен азаматтық қоғамның рөлі сөз болды. Қатысушылар жастардың құқықтық мәселелер бойынша хабардарлығын арттыру және құқық қорғау органдары мен жастар арасындағы өзара іс-қимылды дамыту жөнінде пікір алмасты.

    Конференцияның қорытынды бөлімінде республикалық студенттік омбудсмен, “Заң мен тәртіп” жобасының амбассадоры Айболат Сембиев сөз сөйледі. Сондай-ақ жастардың құқықтық білімін тәжірибеде қолдануға, күнделікті өмірдегі құқықтық жағдайларды талдауға бағытталған “Қаладағы заң” квестіне қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.

    “Заң мен тәртіп” жобасы аясындағы мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң талаптарын түсінуіне және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне назар аударуға мүмкіндік береді.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Астанада Таиландтан есірткі тасымалдаған қыз 16 жылға сотталды

    Келесі жазба

    Астанада автобус қағып кеткен әйел көз жұмды: жүргізуші телефонға алаңдаған

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    БҚО-да мотоцикл жүргізушісі апаттан кейін ауруханада көз жұмды

    Астанада автобус қағып кеткен әйел көз жұмды: жүргізуші телефонға алаңдаған

    Заң мен тәртіп: Алматыда жастардың құқықтық сауаттылығы талқыланды

    Астанада Таиландтан есірткі тасымалдаған қыз 16 жылға сотталды

    «Dauletten» қайырымдылық қоры студенттерге 20 млн теңге көлемінде білім гранттарын бөледі

    NAVAI ісі бойынша ҚР СІМ ресми мәлімдеме жасады

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 454.14 ₸
    EUR EUR 509.23 ₸
    RUB RUB 5.41 ₸

    © 2025 TauNews