9 Мамыр 2025, Жұма
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 516.01 ₸
    EUR EUR 582.47 ₸
    RUB RUB 6.26 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Министр ел педагогтеріне қатысты жағымды жаңалығын айтты

    4 Наурыз, 2025
    Министр ел педагогтеріне қатысты жағымды жаңалығын айтты

    Қазақстанда педагогикалық ғылымды дамытуға бағытталған жаңа орталық құрылмақ.

    Бұл бастама білім берудің барлық деңгейлерінде педагогикалық зерттеулермен айналысатын мамандарды қолдау және оқытушылардың ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған.

    Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, соңғы жылдары педагогтердің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. 2023 жылы ғылыми зерттеулермен айналысатын мұғалімдердің үлесі 1,6 есе өсіп, педагогика саласындағы магистрлер саны 27,9 мың адамға жеткен.

    Сонымен қатар, министрлік «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасын жалғастыруда. Бұл бастама арқылы педагогтердің арасынан кадрлық резерв жасақталып, білім беру саласындағы реформаларды жүзеге асыруға дайын көшбасшыларды тәрбиелеу көзделген.

    Білім сапасы – ұстаздың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты. Жаңа білім беру институты педагогикалық зерттеулерді жүйелі дамытуға, мұғалімдердің ғылыми әлеуетін күшейтуге және болашақ мамандарды дайындау сапасын арттыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

    Конференция барысында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ жоғары білім беру салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды. Өңірлерден келген ғалымдар мен педагогтер үшін арнайы онлайн-трансляция ұйымдастырылды.

    Іс-шара аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Бұл келісімнің негізінде Қазақстанда педагогикалық ғылымды дамыту орталығы құрылатын болады. Жаңа орталық педагогика саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізуге және болашақ ұстаздардың біліктілігін жетілдіруге арналған маңызды алаңға айналады.

    Аталған бастама еліміздегі білім беру жүйесінің сапасын жақсартуға және педагогикалық ғылымды дамытуға серпін береді деп күтілуде.

    Таңбалар: ғылымпедагог
    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    АҚШ Украинаға көрсетілетін әскери көмекті тоқтатты

    Келесі жазба

    Қарағандыда жасөспірім 14 жастағы баланы өртеп жіберген

    Ұқсас мақалалар

    Мақала жоқ

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    БҚО-да прокурор өлі табылды

    Мемлекет басшысы Мәскеуге барды

    Түркістан облысында полицейлер толғағы қысқан әйелге көмектесті

    Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

    Астанада ірі сауда үйі өртеніп жатыр

    Спортсмен из Мангистау стал чемпионом Азии по армрестлингу

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 516.01 ₸
    EUR EUR 582.47 ₸
    RUB RUB 6.26 ₸
    Информер погоды для сайта от meteolabs.kz

    © 2025 TauNews