21 Қазан 2026, Сәрсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 450.69 ₸
    EUR EUR 505.04 ₸
    RUB RUB 5.45 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    «Болашақ» түлегі Қазақстанда жұмыс істеуге міндетті

    22 Мамыр, 2025
    «Болашақ» түлегі Қазақстанда жұмыс істеуге міндетті

    Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтаған азаматтардың Қазақстан аумағында міндетті түрде қызмет өтеуі — заңға сәйкес азаматтық шарт талабы екенін мәлімдеді.

    Бұл шешім «Болашақ» бағдарламасының түлегі аталған талаптың Конституцияға сәйкестігін даулаған өтінішке байланысты қабылданды. Өтініш беруші 2008 жылғы 11 маусымда Үкімет бекіткен №573 қаулыдағы «Болашақ» стипендиясын тағайындау қағидаларының 24-тармағы, 5) тармақшасына күмән келтіріп, Қазақстанда қызмет өтеу міндеттемесімен келіспейтінін жеткізген. Ол дәлел ретінде Еңбек кодексін келтіріп, қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігін негізге алған.

    Алайда Конституциялық Сот бұл талаптың заңды негізі бар екенін атап өтті. Мекеме мәлімдегендей, «Болашақ» бағдарламасы аясында оқыту үміткер мен мемлекет арасында оқу басталғанға дейін жасалатын азаматтық-құқықтық шарт негізінде жүзеге асырылады. Бұл шартта тараптар, соның ішінде түлек, оқу аяқталған соң Қазақстан аумағында қызмет атқаруға ерікті түрде міндеттеме алады.

    Қызмет өтеу талабы тек қағидада ғана емес, білім беру саласындағы заңнамадан да туындайды. Сондықтан бұл норманың Конституцияға қайшы екені туралы уәждер негізсіз, – делінген Соттың ресми хабарламасында.

    Осылайша, Конституциялық Сот қызмет өтеу талабын Конституцияға қайшы деп тануға ешқандай құқықтық негіз жоқ екенін нақтылады.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақстанда жылу жүйелерінің 52 пайызы тозған – сенатор

    Келесі жазба

    Зайырлылық – заң алдындағы теңдік

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 451 теңгеден төмен түсті

    Миына қан құйылды деген қауесеттен кейін Ким Чен Ын киім көрмесіне барды

    Шымкентте автобус жолақысын 100 теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

    Колумбияда заңсыз алтын кенішінің опырылуынан 14 адам қаза тапты

    «Балаға дауыс беріңіз»: алаяқтар мессенджердегі сілтемелер арқылы аккаунттарды бұзып жатыр

    Астана әуежайында жолаушыларды бет-әлпеті арқылы тексеру жүйесі енгізілуі мүмкін

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 450.69 ₸
    EUR EUR 505.04 ₸
    RUB RUB 5.45 ₸

    © 2025 TauNews