20 Қазан 2026, Сейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 452.59 ₸
    EUR EUR 507.67 ₸
    RUB RUB 5.48 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Шымкентте автобус жолақысын 100 теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

    20 Қазан, 2026
    Шымкентте автобус жолақысын 100 теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

    Фото: Pixabay.com

    Шымкентте автобус жолақысын 100 теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

    Шымкент қаласында қоғамдық көлікте жүру ақысы 70 теңгеден 100 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Қала билігі тарифті қайта қарау қажеттігін тасымалдау шығындарының артуымен түсіндіріп отыр.

    Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің айтуынша, қазіргі уақытта жолақыдан түскен қаражат пен тасымалдаушылардың нақты шығындары арасындағы айырмашылық мемлекеттік субсидия есебінен өтеледі. Алайда шығындар көлемінің ұлғаюына байланысты қолданыстағы тарифті ұзақ уақыт сақтау қиынға соғуы мүмкін.

    Сонымен қатар қала тұрғындары автобустардың шамадан тыс толып жүретініне жиі шағымданады. Әкімнің түсіндіруінше, жолаушыларды есепке алу жүйесі автобустағы адамдардың нақты санын әрдайым көрсете бермейді.

    Мәселен, автобуста 100 жолаушы болғанымен, олардың тек 50-і жолақысын төлесе, жүйеде ақылы түрде өткен жолаушылар ғана есепке алынады. Соның салдарынан автобустың сыйымдылығы мен жолаушылар ағыны туралы мәліметтер нақты жағдайға сәйкес келмеуі мүмкін.

    Жаңа тариф енгізілген жағдайда да бірқатар азаматтарға арналған жеңілдіктер сақталады. Атап айтқанда, зейнет жасындағы адамдар мен жастарға берілетін жеңілдіктер күшінде қалмақ. Ал мектеп оқушылары қоғамдық көлікте бұрынғыдай тегін қатынай алады.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, жолақының жаңа мөлшерін 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу жоспарланып отыр.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Колумбияда заңсыз алтын кенішінің опырылуынан 14 адам қаза тапты

    Келесі жазба

    Миына қан құйылды деген қауесеттен кейін Ким Чен Ын киім көрмесіне барды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 451 теңгеден төмен түсті

    Миына қан құйылды деген қауесеттен кейін Ким Чен Ын киім көрмесіне барды

    Шымкентте автобус жолақысын 100 теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

    Колумбияда заңсыз алтын кенішінің опырылуынан 14 адам қаза тапты

    «Балаға дауыс беріңіз»: алаяқтар мессенджердегі сілтемелер арқылы аккаунттарды бұзып жатыр

    Астана әуежайында жолаушыларды бет-әлпеті арқылы тексеру жүйесі енгізілуі мүмкін

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 452.59 ₸
    EUR EUR 507.67 ₸
    RUB RUB 5.48 ₸

    © 2025 TauNews