Бүгін таңертең Сарыарқа ауданы Бұланты көшесі бойындағы мансард үлгідегі жатақхана ғимаратынан өрт шықты.
Алғашқы бөлімшелер келген кезде өрт мансардалық 6-қабаттан шығып жатқаны анықталды. Келген сәтте қабат толығымен отқа оранған еді. Дереу газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары құрылып, барлау жұмыстары басталды. ТЖМ күштерімен суды үздіксіз жеткізу қамтамасыз етілді, – делінген хабарламада.
Құтқарушылардың жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 50 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. 490 адам өздігінен қауіпсіз жерге шықты. Өрт 1600 ш.м. алаңда толығымен сөндірілді. Өрт орнында өрт зерттеу сынақ зертханасының және ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталуда.