Әлемде 12 діни мемлекет, ресми діндері бар 60, зайырлылық қағидаттарын ұстанатын 120 және дінге қарсы 5 ел бар екен. Қарап отырсақ, жаһанда зайырлылық бағытын ұстанатын елдердің саны басым. Яғни, зайырлылық қоғамдағы қарым-қатынасты, әртүрлі дүниетанымдар мен наным-сенімдерді үйлестіруші бірегей институт.