Шетелге діни білім алуға барған жерлестеріміздің арасында теріс ағымдардың ықпалына түсіп, жат идеологияның жақтаушысы болып оралғандар аз емес. Бұл жағымсыз үрдіс әлі күнге жалғасып келеді. Белгілі имам Ерсін Әміре «елімізде діни білім алғысы келетін жастарға бар жағдай жасалған» –дейді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті мен 9 медресе-колледж бар. Бұдан өзге әр мешіттің жанында сауат курстары жұмыс істеп тұр.