17 Қазан 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 452.12 ₸
    EUR EUR 508.95 ₸
    RUB RUB 5.41 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Өзбекстан өкілі бірлескен телеарна құру бастамасын ұсынды

    16 Сәуір, 2025
    Өзбекстан өкілі бірлескен телеарна құру бастамасын ұсынды

    Фото: El.kz

    Орталық Азия мемлекеттері бірлескен медиа бастамаларды белсенді түрде дамытып, мәдени әрі ақпараттық байланыстарды нығайтып, ортақ цифрлық кеңістік қалыптастыруы тиіс. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанындағы Ақпарат және қоғамдық комммуникациялар агенттігінің директоры Асаджон Ходжаев II Орталық Азия медиафорумында айтты.

    Асаджон Ходжаевтың сөзінше, бүгінде Орталық Азия – ортақ тарихы, дәстүрі және рухани құндылықтары бар бірегей мәдени-туристік кеңістікке айналған.

    Медиа және гуманитарлық байланыстарды дамыту – тек экономикалық қадам ғана емес, стратегиялық маңызға ие. Біз халықтар арасында ортақ жауапкершілікті, бірлікті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуіміз керек, – деді ол.

    Сонымен қатар ол Орталық Азия елдерінің тарихы мен мәдениетіне арналған халықаралық медиаплатформа құру – негізгі бастамалардың бірі екенін атап өтті.

    Ынтымақтастықты тереңдетіп, маңызды бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін зор әлеуетіміз бар. Қазірдің өзінде Қазақстанмен жол карталары мен өзара іс-қимыл жоспарлары қабылданды. Сонымен қатар, бірлескен меморандумдар мен келісімдер дайындау жұмыстарын жалғастыру маңызды, – деді директор.

    Асаджон Ходжаев Өзбекстанда шетелдік телеарналардың трансляциясы белсенді дамып жатқанын айта кетті. Өткен жылы елде Әзербайжан, Қазақстан және Түрікменстан арналарының көрсетілімі басталған.

    Бұл бағыттағы жұмысты жүйелеу және ортақ медиаплатформа аясында күш біріктіру қажет. Біз өңірдің барлық елдерінің мүдделерін қамтитын, мәдени диалогты кеңейтетін бірлескен телеарна құру бастамасын қолдаймыз, — деді ол.

    Сонымен қатар, агенттік директоры ақпараттық қауіпсіздік пен әлеуметтік желілердегі заңсыз контентпен күреске ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

    Қазақстан интернет кеңістігін қауіпсіз ету бағытында бірқатар заңдар қабылдады. Бұл тәжірибе әділетті әрі жауапты мемлекеттер үшін қызықты. Біз бұл заңдарды зерттеп, ұқсас тетіктерді енгізу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз, – деді Асаджон Ходжаев.

    Сөз соңында ол Орталық Азия медиафорумы өңірлік диалогты нығайтып, ортақ шешімдер қабылдауға ықпал ететін маңызды алаңға айналатынына сенім білдірді.

    Бұл форум Орталық Азия мен Еуропа арасындағы өзара түсіністік пен жаңа форматтағы ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізетініне сенемін, – деп түйіндеді ол.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Биыл ардагерлерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы түрінде 4,3 млрд теңге төленді

    Келесі жазба

    Астанада майнингпен айналысқандардан 900 млн теңгенің мүлкі тәркіленді

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    БҚО-да мотоцикл жүргізушісі апаттан кейін ауруханада көз жұмды

    Астанада автобус қағып кеткен әйел көз жұмды: жүргізуші телефонға алаңдаған

    Заң мен тәртіп: Алматыда жастардың құқықтық сауаттылығы талқыланды

    Астанада Таиландтан есірткі тасымалдаған қыз 16 жылға сотталды

    «Dauletten» қайырымдылық қоры студенттерге 20 млн теңге көлемінде білім гранттарын бөледі

    NAVAI ісі бойынша ҚР СІМ ресми мәлімдеме жасады

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 452.12 ₸
    EUR EUR 508.95 ₸
    RUB RUB 5.41 ₸

    © 2025 TauNews