2 Мамыр 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    30 Сәуір, 2026
    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Фото: istockphoto.com

    Алматыда ауаға таралатын зиянды шығарындылардың басым бөлігі автокөліктерден келеді. Қаладағы жалпы ластанудың шамамен 60%-ы немесе жылына 113 мың тоннаға жуығы көлік үлесіне тиесілі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Серік Әділбаев мәлімдеді.

    Алматы әкімдігінің мәліметінше, агломерация бойынша жалпы шығарынды көлемі 225 мың тонна шамасында, оның 189 мың тоннасы тікелей қала аумағына тиесілі.

    Ластанудың екінші негізгі көзі – энергетика саласы (шамамен 24%), одан кейін бизнес нысандары мен жеке сектор үлесі шамамен 16%.

    Экологиялық ахуалды жақсартудағы негізгі бағыттардың бірі – газдандыру. Қазіргі таңда жеке сектордың 99,6%-ы табиғи газға қосылған. Сонымен қатар 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО-ны газға көшіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар 2027 жылға қарай шығарындылар көлемін 50 мың тоннадан 4 мың тоннаға дейін қысқартуға, яғни 92%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

    «Жыл басынан бері құзырлы органдар автокөліктер мен автобус парктерін тексеріп, коммуналдық техниканың экологиялық талаптарға сәйкестігін бақылауда ұстап отыр. Шағын және орта бизнес те назардан тыс қалмаған: қаладағы қатты отын пайдаланатын 760 нысанның 110-ы 2026 жылдың алғашқы тоқсанында экологиялық таза отынға көшкен немесе сүзгі жүйелерін орнатқан. Жалпы қабылданып жатқан шаралар ауа сапасын жақсартуға бағытталған. Алдағы уақытта бақылау күшейтіліп, Алматы қаласының атмосфералық ауаны қорғау қағидалары кезең-кезеңімен енгізіле береді», – делінген әкімдік хабарламасында.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Келесі жазба

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews