AFP агенттігінің мәліметінше, тәліптер шахматты «құмар ойын» қатарына жатқызып, оған Ауғанстанда тыйым салды.
Спорт департаментінің өкілі Атала Машвани «Талибан» Ауғанстанда шахмат ойнауға ресми түрде тыйым салғанын растады.
Тәліптер шахматты 2024 жылы қабылдаған «Ізгілікті насихаттау және бұзақылықтың алдын алу туралы заңға» сәйкес тыйым салынған құмар ойындардың қатарына жатқызды.
Бұған дейін Ауғанстанда музыка, кино, әйелдердің білім алуы мен қоғамдық өмірге қатысуына да тыйым санылған еді.