4 Мамыр 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті қалай өтті

    7 Қазан, 2025
    Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті қалай өтті

    Фото: dimashnews.com

    5 қазан күні Нью-Йорктің аңызға айналған Madison Square Garden аренасында алғаш рет Қазақстанның Әнұраны шырқалды. Бұл тарихи сәтте Димаш Құдайберген өзінің жеке «Stranger» концертімен америкалық көрермен алдында өнер көрсетті.

    Мыңдаған жанкүйер Димашты зор ықыласпен қарсы алды. Әнші бұл сахнада өнер көрсету арманы болғанын айтып өтті.

    «Бала кезімнен Madison Square Garden-де өнер көрсетуді армандадым. Бұл сахнада Майкл Джексон, Уитни Хьюстон, Селин Дион, Андреа Бочелли сияқты ұлы жұлдыздар ән шырқады. Енді міне, менің де арманым орындалды», – деді ол концерт алдында.

    «Stranger» концерті Димаштың шығармашылығына тән түрлі жанрлар мен тілдердің тоғысын көрсетті. Бағдарлама қазақ, ағылшын, итальян және қытай тілдеріндегі туындылармен өрілді. Концерт «Golden» композициясымен басталып, «Smoke», «Олимпико» және «Battle of Memory» сияқты әндермен жалғасты.

    Madison Square Garden сахнасында алғаш рет «Love’s not over yet» әні орындалды. Туындыны фортепианода атақты екі дүркін «Грэмми» иегері Уолтер Афанасьев сүйемелдеді.

    «Димаштың шығармашылығын бұрыннан білетінмін, бірақ бүгін оның мүмкіндіктеріне тағы бір мәрте тәнті болдым. Мұндай энергия мен шынайылықты сирек көремін», – деді Афанасьев әсерімен бөлісіп.

    Концерт барысында Димаш Игорь Крутойдың «Любовь уставших лебедей» әнін орындады. Көрермендер дәстүр бойынша бірге шырқап, әсерлі атмосфера тудырды.

    Сондай-ақ «Адай» күйі мен жаңа «Самғау» әні қазақ мәдениетінің рухын әлемге паш етті. Димашпен бірге домбыра, сыбызғы, қобыз үні әлемдік сахнада естілді.

    «Мұндай сәт – ұлттық өнердің жаңа деңгейге көтерілгенін білдіреді. Домбыра мен қобыздың үні Madison Square Garden-де шырқалды», – деді домбырашылар Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз.

    Концерт барысында Димаш БҰҰ Халықаралық көші-қон ұйымының Аймақтық ізгі ниет елшісі ретінде сөз сөйлеп, көмекке мұқтаж адамдарды қолдау мақсатында көрерменді QR-код арқылы қайырымдылыққа шақырды.

    «Музыка – бізді біріктіретін күш. Біз бірге әлемді жақсырақ ете аламыз», – деді ол.

    Димаш концерттің соңында «El Amor En Ti», «The Story Of One Sky» және «Дүрдараз» композицияларын орындады. Үш сағатқа созылған шоу көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады.

    «Madison Square Garden – қасиетті сахна. Мұнда әрбір дыбыс шабытқа толы. Бұл күн менің өмірімнің ең жарқын сәттерінің бірі болып қалмақ», – деді әнші концерт соңында.

    Димаштың Нью-Йорктегі концертінің сәтті өткенін әкесі Қанат Айтбаев та жазды.

    «8-9 айға созылған қыруар жұмыс нәтижелі аяқталды. Димаштың Madison Square Garden  сахнасындағы концерті мәресіне жетті. Әлемнің түрлі елдерінен келген көрермен қауымға, олардың ыстық ықыласы мен қошемет, құрметтері үшін мың алғыс. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», шараның өтуіне бір кісідей атсалысқан халықаралық командамыздың құрамына көп рахмет. Біз енді Мексикаға жол тарттық», – деп жазды Қанат Айтбаев.

    Таңбалар: Димаш Құдайберген
    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Әріптесін өлтіріп, денесін орманға көміп тастаған: Ақтөбеде ер адам небәрі 10 жылға сотталды

    Келесі жазба

    Адастырған «ақиқат

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews