23 Мамыр 2025, Жұма
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 507.07 ₸
    EUR EUR 572.53 ₸
    RUB RUB 6.37 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Көпбалалы отбасыларға 300 млрд теңге жәрдемақы төленді

    22 Мамыр, 2025
    Налоги из воздуха: 36 млн тенге доначислили казахстанцу

    Фото: istockphoto.com

    Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдермен жалпы сомасы 299,8 млрд теңгеге 293,9 мың адам қамтылды.

    Ал бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2025 жылдың басынан бастап республикалық бюджеттен барлығы 21,1 млрд теңге сомаға 117 мың адам қамтылды, оның ішінде сәуір айында 5,5 млрд теңге сомасын 30,5 мың адам алды. Бұл жәрдемақыға бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады.

    Балаға күтім жасайтын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмаған жағдайда туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар, егер олар басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалары бар адамдардың (отбасылардың) бала күтіміне байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар. Есепті кезеңде 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақымен 14,4 млрд теңге сомасын орта есеппен 123,3 мың адам қамтылды, оның ішінде сәуір айында 3,7 млрд теңге сомасын 124,1 мың адам алды.

    Бала тууына және бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) байланысты белгіленеді. 2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға индекстелген.

    Биылғы бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:

    – бірінші, екінші, үшінші балаға – 38,0 АЕК немесе 149 416 теңге;

    – төртінші және одан кейінгі балаларға – 63,0 АЕК немесе 247 716 теңге.

    Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:

    – бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;

    – екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;

    – үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;

    – төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.

    Бұдан басқа жұмыс істейтін азаматтарға жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша берілген демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Төлем мөлшері жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілгенге дейінгі соңғы 12 ай ішінде МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кіріске және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады.

    Аталған біржолғы төлемді жыл басынан бері жалпы сомасы 117,3 млрд теңгеге 81,8 мың адам алды, оның ішінде сәуір айында 32,3 млрд теңге сомасына 24,8 мың адам алды. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері үш айда 1 637 575 теңгені құрады.

    Сондай-ақ МӘСҚ-дан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға баланың туған күнінен бастап тағайындалады. Төлемнің мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кірістің 40%-н құрайды. Екі және одан да көп бала туған жағдайда төлем әр балаға жеке тағайындалады.

    2025 жылдың 4 айында бұл төлем 147 млрд теңгеге 88,8 мың адамға тағайындалды. Оның ішінде сәуір айында 36,7 млрд теңге сомасына 25,2 мың алушыға төлем тағайындалды. 4 айдағы төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 91 953 теңгені құрады.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    21 мамырдағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

    Келесі жазба

    Швейцариялық әйел Димаш Құдайберген туралы кітап шығарды

    Ұқсас мақалалар

    ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады
    Жаңалықтар

    ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

    23 Мамыр, 2025
    Зайырлылық – заң алдындағы теңдік
    Бейнероликтер

    Зайырлылық – заң алдындағы теңдік

    22 Мамыр, 2025
    «Болашақ» түлегі Қазақстанда жұмыс істеуге міндетті
    Жаңалықтар

    «Болашақ» түлегі Қазақстанда жұмыс істеуге міндетті

    22 Мамыр, 2025
    Қазақстанда жылу жүйелерінің 52 пайызы тозған – сенатор
    Жаңалықтар

    Қазақстанда жылу жүйелерінің 52 пайызы тозған – сенатор

    22 Мамыр, 2025
    Швейцариялық әйел Димаш Құдайберген туралы кітап шығарды
    Жаңалықтар

    Швейцариялық әйел Димаш Құдайберген туралы кітап шығарды

    22 Мамыр, 2025
    Бас прокуратура мемлекетке 85,1 млн теңге қайтарды
    Жаңалықтар

    21 мамырдағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

    21 Мамыр, 2025

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

    Зайырлылық – заң алдындағы теңдік

    «Болашақ» түлегі Қазақстанда жұмыс істеуге міндетті

    Қазақстанда жылу жүйелерінің 52 пайызы тозған – сенатор

    Швейцариялық әйел Димаш Құдайберген туралы кітап шығарды

    Көпбалалы отбасыларға 300 млрд теңге жәрдемақы төленді

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 507.07 ₸
    EUR EUR 572.53 ₸
    RUB RUB 6.37 ₸
    Информер погоды для сайта от meteolabs.kz

    © 2025 TauNews