Иран билігі Ислам Республикасының бірқатар ірі қаласында итпен серуендетуге толықтай тыйым салды.
Енді үй жануарларын қоғамдық орындарда серуендетуге алып шыққан азаматтар айыппұл төлейтін болады.
Үй жануарларымен көше бойымен, тарихи-мәдени нысандар аумағында, саябақтарда, базарларда және сауда орындарында жүруге тыйым салынған.
Сондай-ақ жануарларды қоғамдық көлікте тасымалдауға болмайды. Иттерді көлікпен ашық күйде алып жүру де тыйымға ілікті.
Кейбір ислам дінбасыларының айтуынша, үй жануарларын асырау — «батыстық өмір салтының» белгісі.
Бұл шара адамдар мен жануарлар арасында таралуы мүмкін аурулардың алдын алу және халық денсаулығын сақтау мақсатында енгізілгені хабарланды.