Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында (ПМЭФ) жасанды интеллектке арналған сессияда үй тапсырмасының қазіргі заманғы мәні сынға алынды.
Сарапшылар мен саясаткерлердің пікірінше, оқушылардың көпшілігі үй тапсырмасын чат-боттардың көмегімен орындап, білім емес, уақытты ғана жоғалтуда.
«Білім емес — имитация»
РФ Мемлекеттік Думасының төраға орынбасары, «Жаңа адамдар» партиясының өкілі Владислав Даванков қазіргі форматтағы үй тапсырманың мәнсіз екенін ашық айтты.
Бұл — абсолютті мағынасыздық. Ұлымның DeepSeek арқылы орындаған тапсырмаларын ChatGPT арқылы тексеремін. Бүгінде үй тапсырмасын жоюдың уақыты келді. Оның орнына балаларды шынымен дамытатын шығармашылық тапсырмалар енгізу керек, — деді Даванков.
Чат-боттар дәстүрлі білімге қауіп төндіре ме?
Форум аясында талқылауға түскен маңызды мәселе — оқушылардың жасанды интеллектке тәуелділігі. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл үрдіс оқушының сыни ойлау, шығармашылық және жеке даму дағдыларын тежейді.