17 Қазан 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 452.12 ₸
    EUR EUR 508.95 ₸
    RUB RUB 5.41 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Прокуратура екі жылда ел қазынасына 850 млрд теңге қайтарды

    12 Қыркүйек, 2025
    Прокуратура екі жылда ел қазынасына 850 млрд теңге қайтарды

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады.

    Ақорданың мәліметінше, президентке елдегі заң үстемдігінің жай-күйі мен прокуратура қызметінің негізгі бағыттары бойынша жұмыс нәтижелері баяндалды.

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы прокурорлардың қоғамда резонанс тудырған және мемлекет мүддесіне, сондай-ақ азаптауға қатысты аса маңызды қылмыстық істерді тергеп-тексеру барысы жөнінде есеп берілді.

    «Биыл арнайы прокурорлар сотқа 55 қылмыстық іс жолдап, соның негізінде 112 адам сотталған. Тағы 80 іс соттардың қарауында жатыр. Арнайы прокурорлар тексерген істер бойынша жалпы сомасы 14,4 миллиард теңге залал өтелді.

    Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына қылмыстық жолмен тапқан кірістерді іздестірудің жаңа тәсілдері мен оны ел экономикасына пайдаланудың перспективасы жөнінде мәлімет ұсынылды. Қозғалған қылмыстық істер бойынша жалпы құны 105 миллиард теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Соның ішінде прокурорлар басқа да құқық қорғау органдарымен бірге тек есірткіге қарсы істер бойынша 12 миллиард теңгеге жуық активтерді қолға түсірген.

    Бас прокурор Берік Асылов активтерді қайтару мәселесі туралы да айтты. Екі жыл ішінде прокуратура органдары арқылы 850 миллиард теңгенің активтері қайтарылды. Бұл қаражат өңірлерде 400-ге жуық әлеуметтік және коммуналдық нысан салуға жұмсалады. Бүгінде 60 ғимараттың құрылысы аяқталған», – делінген Ақорда хабарламасында.

    Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында және бизнесті белсенді қолдау үшін Бас прокуратураға қарасты ведомствоның атауы өзгермек. Жаңа формат инвестицияға оңтайлы жағдай жасап, кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқығын қорғауға мүмкіндік береді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев барлық салада заңдылықты қамтамасыз ету және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар құқық қорғау және мемлекеттік органдардың алаяқтыққа, есірткі саудасына, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, вандализмге қарсы іс-қимылын, бизнесті негізсіз қылмыстық қудалауға жол бермеу жұмыстарын тиімді үйлестіру маңызды екенін атап өтті.

    Таңбалар: қылмыстық іс
    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Жыл басынан бері Қазақстанда 227 мыңға жуық бала туған

    Келесі жазба

    Қорғалжын қорығында үйірімен жайылып жүрген ақбөкеннің видеосы жарияланды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    БҚО-да мотоцикл жүргізушісі апаттан кейін ауруханада көз жұмды

    Астанада автобус қағып кеткен әйел көз жұмды: жүргізуші телефонға алаңдаған

    Заң мен тәртіп: Алматыда жастардың құқықтық сауаттылығы талқыланды

    Астанада Таиландтан есірткі тасымалдаған қыз 16 жылға сотталды

    «Dauletten» қайырымдылық қоры студенттерге 20 млн теңге көлемінде білім гранттарын бөледі

    NAVAI ісі бойынша ҚР СІМ ресми мәлімдеме жасады

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 452.12 ₸
    EUR EUR 508.95 ₸
    RUB RUB 5.41 ₸

    © 2025 TauNews