Air Astana компаниясы Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір Air Astana және FlyArystan тұрақты және чартерлік рейстерінің бағыты өзгергенін мәлімдеді.
Компания дерегінше, Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігін айланып ұшады.
Air Astana жағдайды мұқият бақылайды және кейінгі өзгерістер туралы хабардар етеді. Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі рейстердің кестесінде өзгертулер болуы мүмкін, – делінген мәліметте.