Астрахан тас жолында сауда компанияларының бірінде жұмыс істейтін 27 жастағы елорда тұрғыны басқарған автокөлік тоқтатылды.
Көлікті тексеру кезінде артқы орындықтан салмағы 1,5 кг синтетикалық а-PVP есірткісі салынған пакет табылып, тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша күдікті куратордың нұсқауымен әрекет етіп, есірткіні тасымалдау және жасыру әдісімен таратқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Қарасора – 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Ішкі істер органдары есірткі заттарының жеткізілу және таратылу арналарының, соның ішінде интернет-платформалар мен курьерлік жүйелер арқылы өтуін тоқтатуға бағдарланған. Ішкі істер министрлігі ескертеді: есірткі заттарының заңсыз айналымы – заң алдында қатаң жауапкершілікке әкелетін ауыр қылмыс, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
Бұған дейін жыл басынан бері елімізде төрт тоннадан астам есірткі тәркіленгенін жазған едік.