Шымкент халқының ұлттық құрамы – көпэтносты. Дін істері басқармасы этносаралық келісімді қамтамасыз ету және ұлттық бірлікті нығайту үшін түрлі шаралар ұйымдастыруда. Қазақстанның көпұлтты қоғамы үшін қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлік – маңызды құндылықтар. Себебі бұл факторлар ұлттың мықты, тұрақты әрі үйлесімді болуына септігін тигізеді. Жергілікті теологтар жастар діни ақпаратты сенімді ресурстардан алса екен деп тілейді. Діни тұрақтылық бар жерде, даму да бар.