присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Елімізде тағы 3 кәсіпорын Қытайға сүт экспорттайтын болды

29 шілде 2020 11:32
Елімізде тағы 3 кәсіпорын Қытайға сүт экспорттайтын болды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР-ның Бас кеден басқармасы арасындағы белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде тағы үш қазақстандық сүт өңдеуші кәсіпорын Қытайға экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіміне енді. Ақмола облысындағы Көкшетау қаласында орналасқан «Гормолзавод» ЖШС, Талдықорған қаласындағы «Дәулет-Бекет», және Қостанай облысындағы «Лидер-2010» кәсіпорындары енді өз өнімдерін Қытайға шығарады, -деп хабарлайды Taunews.kz.
 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы сапары аясында Бейжіңде сүт және сүт өнімдерін экспорттауға ветеринариялық-санитарлық талаптар туралы хаттамаға қол қойды. Сол кезде Алматыдағы Фудмастер, Қарағандыдағы Евразия Инвест LTD және Түркістандағы Golden Camel Group LTD сияқты  үш компания өз өнімдерін көрші мемлекетке сату құқығын алған болатын.
 
Айта кетейік, қазіргі уақытта сүт өнімдерін өндіретін 6 кәсіпорын өз өнімдерін Қытайға экспорттай алады.
0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру