Әулиекөлдегі орман өрті: тракторшыға сот үкімі шықты
Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өртке қатысты қылмыстық іс бойынша айыпталған ер адамға сот үкімі шықты.
Александр Репейко қылмыстық кодекстің 341-бабы 1-бөлігі («ормандарды жою немесе зақымдау») бойынша айыпталған.
Сотта 2022 жылдың 2 қыркүйегінде Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Бағаналы кентінде ағай өңдеуші (лесозаготовитель) Есмағанбетов бұрын таныс болмаған «МТЗ-82» маркалы тракторды басқарған Репейкоға өтініш айтқаны анықталды. Ол ақшаға «Басаман орман шаруашылығы мекемесі» КММ №22 орман теліміне ағаш кесуге арналған орынға вагонын апаруды сұраған. Ол жерде Есмағанбетов ағаш өңдеу жұмыстарын атқарған.
Содан кейін Репейко күннің ыстық екенін біле тұра қауіпті саналатын тракторын қолданған. Ол ұшқынды сөндіретін құрылғыны орнатпаған.
Сол күні Репейко тракторға вагонды жалғап, №22 теліміне қарай негізгі жолмен жолға шықты. Оған қызметкерлер мен «Басаман орман шаруашылығы мекемесі» КММ директоры да қарсылық көрсетпеген. Алайда біраз уақыттан кейін Репейко вагон жалғанған күйі тракторымен Бағаналы ауылына қайта оралған.
Құмды және ойлы-қырлы жолмен жүргенде трактордың іштен жанатын қозғалтқышының газ шығару жүйесінен шыққан ұшқыннан «Басаман орман шаруашылығы мекемесін», «Семиозерное орман шаруашылығы мекемесін» және Әулиекөл ауданының елді мекендері – Аманқарағай және Озерное ауылдарын шарпыған өрт шығып, мемлекетке, жеке және заңды тұлғаларға ірі және аса ірі көлемде зиян келтірген.
Осылайша, өрт кезінде жалпы сомасы 18 774 283 323,73 теңгеге болатын 39 772,4 га орманды және ормансыз алқаптар жойылып, мемлекетке ірі көлемдегі шығын келтірілген.
Сонымен қатар өрттің салдарынан: 91 тұрғын үй, 4 шағын бизнес объектісінің мүлкі, 5 шаруа қожалығының мүлкі, шаруашылық құрылыстары бар 33 аула, 20 бірлік автокөлік, ауыл шаруашылығы және мамандандырылған техника, 122 бас мал өртеніп, бүлінген, барлығы 642 114 735 теңге, олардың орнын толтыруға және өртке қарсы күреске мемлекет 2 680 640 278, 37 теңге бюджет қаражатын жұмсады. Бұл мемлекетке, жеке және заңды тұлғаларға келтірілген аса ірі залалды құрайды.
Іс сотқа сотталушының прокурормен кінәні мойындау туралы процессуалдық келісіммен келді.
Прокурор сотталушыны 1 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.
Қылмыстық кодекстің 63-бабының негізінде жазаның бүкіл мерзіміне пробациялық бақылау белгіленіп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 44-бабының 2-бөлігінде көзделген міндеттер жүктеліп, тағайындалған жаза шартты деп танылады, - делінген сот таратқан ақпаратта.
Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, процессуалдық келісімді толық қолдады.
Қылмыстық кодекстің 204-бабының 2-бөлігінің санкциясы 2 000 дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Қылмыстық кодекстің 341-бабының 1-бөлігінің санкциясы 2 000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Қылмыстық кодекстің 11-бабының 2-бөлігіне сәйкес жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар ауырлығы аз қылмыстар санатына жатады.
Жаза тағайындау кезінде сот қылмыстық жауаптылық пен сотталушының жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде Репейконың кінәні толық мойындауын, шын жүректен өкінуді және қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға белсенді ықпал еткенін ескерді.
Іс бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар белгіленбеген.
Процессуалдық келісімінің талаптарына сәйкес, сондай-ақ жасалған қылмыстардың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот бас бостандығынан айыру түрінде түпкілікті жаза тағайындады:
ҚК 204-бабының 2-бөлігі бойынша – 1 жыл мерзімге;
ҚК 341-бабының 1-бөлігі бойынша – 10 ай мерзімге.
Қылмыстық кодекстің 58-бабының 2-бөлігінің негізінде неғұрлым жеңіл жазаны неғұрлым қатаң жаза сіңіру жолымен 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы түпкілікті тағайындалды.
Қылмыстық кодекстің 63-бабының негізінде бас бостандығынан айыру түріндегі тағайындалған жаза жазаның барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгілеп және қылмыстық кодекстің 44-бабының 2-бөлігінде көзделген міндеттерді жүктей отырып, шартты деп белгіленді.
Іс бойынша азаматтық талап қойылған жоқ.
Үкім заңды күшіне енді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ