ҰҚК Антикор төрағасының бұрынғы орынбасарын ұстады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
«2023 жылдың 9 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу шеңберінде жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері Мақсат Қожабаевты ұстады», - делінген ақпаратта.
Жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.
Мақсат Қожабаев 2021 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол бұл қызметті 2022 жылдың сәуіріне дейін атқарды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ