присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ұлттық құраманың хоккейшісі Қазақстан азаматтығынан айырылды

28 желтоқсан 2022 11:15
Ұлттық құраманың хоккейшісі Қазақстан азаматтығынан айырылды

Астананың «Барыс» клубы мен ұлттық құраманың шабуылшысы Дмитрий Шевченко Қазақстан азаматтығынан айырылды.

Ол Құрлықтық хоккей лигасы Бірінші арна кубогында Ресей азаматы деп көрсетіліп ойнаған. 

Жазда «Барыс» клубының басшылығын қызметінен босатуды талап еткен бастамшыл топ Астана қаласы көші-қон департаментіне Дмитрий Эдуардович Шевченконың екі елдің заматы болуы мүмкін екенін айтып, тексеруді сұраған.

Тексеріс кезінде хоккейшіде шынымен Ресей мен Қазақстан азаматтығы бар болып шықты. Ол Ресейдің Тула қаласында туған екен. Осыған байланысты Шевченко 6 желтоқсанда Қазақстан азаматтығынан айырылды. Енді ол Қазақстан құрамасы үшін ойнай алмайды.

Алдағы уақытта басқа да хоккейшілерге қатысты тексеріс болады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру