Ұлытау облысында пара алған шенеунік қамауға алынды
Ұлытау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі («Пара алу») бойынша Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Ұлытау облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің лауазымды адамына қатысты қылмыстық істі тексеріп жатыр.
Ол өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлерден өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білуге міндетті тестілеуден оң нәтиже алуға жәрдемдескені үшін 240 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді.
Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Аталған дерекке қатысты тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ