присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ұшақты кешіктірген компаниялардың айыппұлы арта ма – министр жауабы

31 шілде 2024 12:30
Ұшақты кешіктірген компаниялардың айыппұлы арта ма – министр жауабы

Көлік министрі ұшақты кешіктірген әуе компанияларын жазалау шаралары қалай қатаңдатылатынын айтты.
«Бұған дейін Азаматтық авиация комитеті Scat және FlyArystan компанияларына 3,6 млн теңге айыппұл салғандарын хабарлаған еді. Есептеп қарасаңыз, оларға ұшағы кешіккен жолаушыларға қонақүй жалдағаннан айыппұл төлей салу тиімді екенін көресіз. Әуемен жолаушы тасымалдаушыларды заң талаптарын сақтауға итермелейтіндей айыппұл тағайындауға ниеттісіз бе?» - деп сұрады журналист.
Министр аталған олқылықтар үшін салынатын айыппұл 1,5 есе өскенін айтты.
«Есіңізде болса, бұрын ұшақ кестеден 8 сағат кешіккенде ғана қонақ үй мен сусын ұсынылатын. Біз осы уақытта екі есе қысқарттық. Сондай-ақ, бұрын әуе компаниясы ұшақтың кешігетінін алдын ала хабарласа, қонақ үй мен сусын ұсынуға міндетті емес еді. Бұл тұрғыда да заң қатаңдатылды», - деген министр айыппұл көлемін тағы көтеру жоспарда жоқ екенін атап өтті.
«Біз қазір ондай мәселені қарастырып жатқан жоқпыз. Бірақ қисыны бар, қарауға дайынбыз. Бірақ онда да айыппұл сомасы бойынша емес, компанияның имиджі туралы айтып отырмын. Қазір ұшағы кешіккен жолаушыларға сусын, қонақ үй ұсынбай қою сияқты жайттар азайып келеді. Компаниялар міндеттерін, орындап, имиджін бұзбауға тырысып жатыр», - деді ол.

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру