12 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы Шымкентте ұсталды
Өзбекстан азаматы 12 жыл бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып келген.
Шымкент қаласы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара барысында Өзбекстанның 45 жастағы азаматын ұстады.
Ер адамға ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін көрші елдің тәртіп сақшылары халықаралық іздеу жариялаған. Ал ол қылмыстық қудалаудан 12 жыл бойы жасырынып келген.
Қазір шетелдік қамауда. Оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау жұмыстары жүргізіліп жатыр, - делінген Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ