Елордада көлік қозғалысы шектеледі
Астанада кейбір учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Қала көшелерінің жекелеген учаскелерінде 2024 жылғы 28 қараша күні шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысының өтуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.
Полиция департаментінің мәліметінше, 28 қараша күні сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін мына көшелерде қозғалыс толық шектеледі: Ж.Нәжімеденов көшесі (Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Аманжолов көшесіне дейін) және Аманжолов көшесі (Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынұлы көшесіне дейін).
Осыған байланысты мына маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді: №14, 32, 43, 50, 66, 84. Қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді. Жұмыс кестесі сағат 06:00-ден 23:30-ға дейін, – делінген ақпаратта.
Дайындық іс-шараларына еліміздің арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиация әрі техника ресурстарын пайдалану көзделген. 27 қарашада ҚР ҚМ фронтты авиациясының қала үстінен ұшуы жоспарланған, деп толықтырды Мемлекеттік күзет қызметі.
Тұрғындардан қауіпсіздіктің күшейтілген режиміне түсіністікпен қарауды және қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, дейді мамандар.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ