2024-2025 оқу жылының каникул уақыты жарияланды
2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімін, қорытынды аттестаттаудан өткізу уақыты жарияланды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
Бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.
Құжатқа сәйкес, мектептерде оқу жылы 2024 жылғы 1 қыркүйектен 2025 жылғы 25 мамырға дейін жалғасады.
- 1-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – 7 күн (2024 жылғы 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда);
- 2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – 10 күн (2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда);
- 3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – 11 күн (2025 жылғы 21-31 наурыз аралығында);
- 1-сыныптарда қосымша демалыс – 7 күн (2025 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда).
- 4-тоқсан – 8 оқу аптасы.
9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандары 2025 жылғы 29 мамырдан бастап 9 маусымға дейін, ал 11 (12)-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары 2025 жылғы 30 мамыр мен 12 маусымда ұйымдастырылады.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ