265,4 млрд теңге: Алматының қалалық бюджеті бекітілді
Алматы қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті қаланы дамыту бағдарламасының негізгі басымдықтары негізінде қалыптастырылды. Бұл туралы Ерболат Досаев Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс II сессиясы барысында айтты.
Қала әкімінің айтуынша, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 23,9% өсті. Сауда (+29,4%), өңдеу өнеркәсібі (+24,5%), көлік (+21,8%) салалары экономика өсімінің драйверлері болды. Экономиканың дами түсуі мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді 32,1% арттырды.
Сондай-ақ мәслихат депутаттары 2040 жылға арналған Алматының жаңа бас жоспарын бірауыздан мақұлдады. Шаһар басшысы Ерболат Досаевтың айтуынша, қаланың бас жоспары үлкен қоғамдық талқылаудан өткен. Оның барысында мегаполис тұрғындарынан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығынан 1300-ден аса ұсыныс түскен. Олар негізінен жайлы қалалық ортаны қалыптастыру, экологияны жақсарту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болды. Сонымен қоса мәслихат комиссияларының отырыстарында осы жобада ескерілген 20-ға жуық ұсыныс қаралды.
Қаланың бас жоспары 20 жыл бұрын әзірленген және моноорталықтық даму моделіне негізделген. Яғни жұмыс орындары мен әлеуметтік-мәдени қызметтер қаланың тарихи орталығына тығыз шоғырланған. Содан бері қала аумағы жағынан да, халық саны бойынша да 2 есе ұлғайды. Жаңа бас жоспарда тұрғын үй, әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымы дамыған 5 жаңа полиорталық құрылатын полиорталықтық даму моделіне көшу көзделеді. Бұл осы полиорталықтардың тұрғындары үшін барлық қажетті игіліктердің жақын орналасуына мүмкіндік береді, - деді Ерболат Досаев.
Жаңа бас жоспар жайлы қалалық орта құру және қаланың барлық ауданында өмір сүру сапасын жақсартуға негіз бола алады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ