29 қыркүйек Алматыда дабыл белгісі іске қосылады
Ертең Алматыда түскі сағат 12:55 кезінде дабыл белгісі іске қосылады.
"29 қыркүйек сағат 12.55-те Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті қоғамдық ескерту жүйесінің дайындығын жоспарлы техникалық тексеруден өткізеді. Жаттығу кезінде "Назар аударыңыздар!" хабарламасымен бірге электронды дабыл іске қосылады. Оған қоса, телерадиоарна жұмысы автоматты түрде тоқтатылып, дабыл хабарламасы таратылады", - делінген хабарламада.
Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз, онда:
- радиоқабылдағышты немесе теледидарды қосыңыз;
- төтенше жағдай туралы хабарламаны тыңдаңыз;
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
- Егер дабыл кезінде көшеде болсаңыз, онда:
- көшедегі дауыс зорайтқыштармен және мобильді ескерту құрылғыларымен жіберілген төтенше жағдай туралы хабарламаға құлақ асыңыз;
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ