7,4 мыңнан аса түлек «Алтын белгі» алды
Биыл 11-сыныпты 186 мың түлек аяқтады. Оның ішінде 7 420 адам «Алтын белгі» белгісімен марапатталды.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 13 727 түлек жалпы орта білім туралы үздік аттестат алған. Құжатты енді Egov Mobile қосымшасынан алуға болады.
Цифрлық құжаттардың қатары негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестатпен толықты. Ол енді eGovMobile мобильді қосымшасындағы Bilim жаңа қызмет көрсету сервисінде қолжетімді, – делінген министрлік ақпаратында.
Құжатты цифрлық нұсқада алу үшін eGovMobile мобильді қосымшасындағы Bilim сервисіне өту керек. Кәмелетке толмаған балалардың құжатын ата-анасы немесе заңды өкілі «Менің балаларым» бөлімі арқылы алады.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ