присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

«9-20-25» бағдарламасының шарттары қашан белгілі болатыны айтылды

16 қараша 2023 14:45
«9-20-25» бағдарламасының шарттары қашан белгілі болатыны айтылды

Қазақстанда «9-20-25» ипотекалық бағдарламасына қатысу шарттары 2024 жылы белгілі болады. Бұл туралы «Отбасы банк» төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты.

Банк төрайымы Қазақстанда баспана мәселесі әлі күнге дейін өзекті екеніне тоқталды.

«Соңғы кездері жас отбасылар бізге жиі хабарласып, «Бір баламыз бар, өмірлік жолымызды енді бастап жатырмыз. Бірақ бізде баспана жоқ. Біз мемлекеттік қызметкерлер де емеспіз, бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда жұмыс істемейміз. Біз осы санат бойынша баспана кезегіне тұра алмаймыз» дейді. Оларды ойлап және Қазақстанның 20 млн-шы тұрғының дүниеге келуіне байланысты біз осы бағдарламаны (9-20-25) әзірлегіміз келеді. Ипотека мөлшерлемесі сәл жоғары болады. Себебі, бағдарламаға қаржы нарықтан тартылады. (Бағдарламаның) барлық талабы мен барлық механизмі 2024 жылы нақты белгілі болады», - деді Ләззат Ибрагимова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру