Абай облысында есепші мектеп директорының ақшасын жымқырған
Абай облысының Ақсуат ауданында бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды.
Прокуратурасы ауданда бюджет қаражатын жұмсау кезінде заңдылықтың сақталуын тексеріп, оқу орындарының қызметкерлеріне 14,7 млн теңге заңсыз төленіп келгенін анықтады.
Прокуратураның жұмысының нәтижесінде артық төленген сома мемлекетке қайтарылды.
Бұдан басқа, мектеп есепшісінің 1,3 млн теңге қаражатты ұрлағаны белгілі болды.
Есепші мектеп директорының электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, ақшаны жеке шотына аударған.
Ауданның құзырлы органы осы қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тексеруді бастады.
Сот үкімімен бұрынғы есепші ҚР ҚК 189-бабының 2-бөлігінің 3) - тармағымен (өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру) кінәлі деп танылып, екі жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасымен қаржы ұйымдарда белгілі бір лауазымды атқару құқығынан үш жыл мерзімге айырылды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ