Air China Қазақстанға ұшуды қайта бастайды
ИИДМ Азаматтық авиация комитеті ҚХР авиациялық билік орындарымен бірлесіп, Air China әуе компаниясының Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қалпына келтіру мәселесін пысықтады.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 21 сәуірден бастап Air China әуе компаниясы Бейжің – Сиань – Астана бағыты бойынша аптасына 3 рет жиілікпен (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) тікелей жолаушылар рейсін орындауды жоспарлап отыр. Рейстер Airbus-A320 типті әуе кемелерінде орындалады.
Өз кезегінде Қазақстан тарапынан Air Astana әуекомпаниясы биыл маусым айынан бастап Астана – Бейжің бағыттары бойынша орындалатын рейстер санын 1-ден 2 рейске дейін, Алматы – Бейжің бағыттары бойынша 6-дан 7 рейске дейін және Алматы-Чэнду бағыттары бойынша аптасына 1-ден 2 рейске дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Осылайша, елдер арасындағы рейстер саны аптасына 13-тен 19 рейске дейін ұлғайтылады. Оның ішінде қытайлық China Southern Airlines әуе компаниясы Астана – Үрімші бағыты бойынша аптасына 2 рейс және Алматы – Үрімші бағыты бойынша 3 рейс жасамақ.
Қазақстан мен Қытай арасындағы жаңа бағыттардың ашылуы және әуе рейстері санының артуы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ