Ақтөбе облысында 504 отбасыға дайын баспана сатып алынады
Бүгінгі күні өңірде тасқыннан зардап шеккен 442 отбасы жаңа баспанасында қоныстойын тойлады.
Су тасқыны салдарынан 4087 тұрғын үй мен саяжай иесі зиян шекті. Техникалық байқау қорытындысы бойынша 3073 тұрғын және бау-бақша ұжымы үйлері тұруға жарамды деп танылды. Комиссия шешімімен 3005 үй иелеріне үй жөндеу жұмыстарына 9 млрд теңгеге жуық шығын өтелді. Қалған 1014 үй апатты деп танылды. Тасқын кезінде құлаған үйлердың дені Ақтөбеде – 200, Ойыл ауданында – 307, Ырғыз ауданында – 160, Қобда ауданында – 155, Мұғалжар ауданында – 69, Темір ауданында – 57, Әйтеке би ауданында – 51. Ал Байғанинде — 8, Мәртөкте — 5 және Алға ауданында 2 үй құлаған. Баспанасыз қалған 504 отбасы өз шешімімен дайын үй сатып алады.
Облыс орталығында 200 отбасының барлығы дайын пәтер алады. Бүгінде 138 отбасыға пәтерлер сатып алынып берілді.
Ал аудандарда ұсыныс білдіргендердің барлығы екінші нарықтағы баспанамен қамтамасыз етілді. Мысалы, Ойыл ауданында — 130, Мұғалжарда – 55, Темірде – 36, Ырғызда – 35, Әйтеке биде – 25, Байғанинде – 8, Қобдада – 8, Мәртөкте – 5, Алға ауданында 2 отбасы жаңа баспанаға ие болды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ