присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ақтөбе облысында мектеп директоры сотталды

05 сәуір 2023 09:57
Ақтөбе облысында мектеп директоры сотталды

Ақтөбе облысында мектеп директоры пара алғаны үшін сотталды.

Шалқар аудандық сотында М. есімді азаматқа қатысты пара алу айыбы бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, ер адам мектеп директоры бола тұра, әйелді зертханашы лауазымына жұмысқа орналастыру үшін жалпы сомасы 600 мың теңге көлемінде пара алған.

Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындап, дәлелдемелерді жоққа шығарған жоқ.

Сот үкімімен М. кінәлі деп танылып, оған өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, параның 30 еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 18 млн теңге сомасына айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сонымен қатар, сотпен Ақтөбе облысы білім басқармасының басшылығына жеке қаулы шығарылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру