присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ақтөбе облысында шенеунік мүгедектерден бірнеше рет пара алған

07 ақпан 2023 17:13
Ақтөбе облысында шенеунік мүгедектерден бірнеше рет пара алған

Ақтөбе облысында медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы мүгедектерден бірнеше рет пара алған.

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті департаментіне қарасты №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Антикордың мәліметінше, күдікті медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту кезінде мүгедектерден мүгедектік мерзімін белгілеу және ұзарту үшін бірнеше рет жалпы сомасы 1 200 000 теңге пара алды деген күдікке ілінген.

Тергеу соты күдіктіні «электрондық білезікті» қолдану арқылы «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасына санкциялады. Аталған дерекке қатысты тергеу жалғасып жатыр.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру