присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ақтөбеде интернет казино ұйымдастырушыларының ісі сотқа жолданды

09 сәуір 2024 17:04
Ақтөбеде интернет казино ұйымдастырушыларының ісі сотқа жолданды

Ақтөбе облысының прокуратурасы интернет казино ұйымдастыру бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады.

Өңірлік экономикалық тергеп-тексеру департаменті онлайн казино режимінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған және басқарған 4 адамға қатысты қылмыстық істі аяқтады. Онлайн казино ойыншыларынан тартылған қаражаттың жалпы көлемі – 375 млн теңге.

Анықталғандай, онлайн казино ойыншылары 22-30 жас аралығындағы жастар болды. Бұдан бөлек, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық қудалау органымен қылмыстық жолмен табылған жылжымалы және жылжымайтын мүлік бұғатталды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру